СҒЗЖ бағыты бойынша сұрақтар

1. СҒЗЖ байқауына кімдер қатыса алады?  

СҒЗЖ байқауына Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері мен студенттік ұйымдар қатыса алады. СҒЗЖ байқауына жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылым басымдылық бағытындағы студенттердің ғылыми жұмыстары қарастырылады. СҒЗЖ байқауын басқару СҒЗЖ байқауын ұйымдастыру және өткізу бойынша республикалық комиссия құрылады.

2. Факультеттердегі СБИ қызметі ұйымдастырылған және іске асырылған?

Факультеттердегі СБИ қызметі университеттің нормативтік жүйесіне негізделген, біріншіден:

  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік бизнес инкубаторы туралы ереже;
  • Студенттік бизнес инкубаторы негізіндегі ішкі инновациялық жобалар байқауының ережелері;
  • СБИ тарату байқаулар негізінде жүргізіледі.

3. Студенттердің инновациялық жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ішкі байқауларға қойылатын талаптар?

Студенттердің инновациялық жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ішкі байқауларға қойылатын талаптар:

  • Бакалавриаттар, магистранттар және PhD докторанттардан құралған ұйымдар бизнес – инкубатор бойынша байқауларға сұраным бере алады.
  • Ішкі байқаулар факультеттердің даму құрылымын көрсететін басым бағыттары бойынша жүргізіледі.
  • Ішкі байқауларға қатысушылар әр факультетегі студенттер мен магистранттар бола алады.