Приходько Олег Юрьевич
Приходько Олег Юрьевич,
физика-математика ғылымының докторы, профессор
1983 ж. «Түрлі металдармен модификацияланған, халькогенидті шыны тәріздес жартылай өткізгіштердің (ХШЖ) электрлік және оптикалық қасиеттерін зерттеу» 01.04.10 – жартылай өткізгіштер және диэлектриктер физикасы мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.
1996 ж. доцент лауазымын иеленді.
2010ж. «Модификацияланған кристалдық емес жартылай өткізгіштердегі құрылым және электрондық процестер» 01.04.07 – конденсирленген күйлер физикасы мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.
2006ж. бастап «Аморфты және микрокристалдық жартылай өткізгіштер» халықаралық конференциясының бағдарламалық комитетіне енді. NATO SfP 978013 (2002 – 2006 жж.) және SfP 982837 (2009 – 2011жж.) бағдарламасының директор қызметін атқарды. МНТЦ К-1117 (2006 –2009жж.) гранты бойынша физиктер тобын басқарды.
2009 ж. – 2011 ж. аралығында ҚазҰУ қарасты Инженерлік профилді нанотехнологиялық зертханасын басқарды. 2010 ж. АҚШ Техас университетінде «Нанофазалық зерттеу орталығында» ғылыми сынақ мерзімінен (стажировка) өтті.
2011ж. тамызынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің физика - техникалық факультетінің қатты дене және бейсызық физика кафедрасының меңгеруші қызметіне тағайындалды.
«Изобретатель СССР» 1989ж. және «Білім Беру Ісінің Құрметті Қызметкері», 2014ж. белгілерімен марапатталды.