2015 ж. 26-27 қараша күндері «Қазконтент» АҚ, Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистер Академиясы, Бас редакторлар клубы ҚБ қолдауымен әл-Фараби ат. ҚазҰУ журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының құрылғанына 81 жыл толуына орай өңірлік медиа-форум өтеді

17.11.2015

Көрулер: 4402

2015 жылдың 26-27 қараша күндері «Қазконтент» АҚ, Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистер Академиясы, Бас редакторлар клубы ҚБ қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының құрылғанына 81 жыл толуына орай өңірлік медиа-форум өтеді.
2015 ж. 26 қараша сағат 10.00-де Форум аясында «БАҚ мамандарын даярлау бастаулары және жаңа бағыттары» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуы болады.
Пленарлық мәжілістің тақырыбы:
- Конвергентті БАҚ нарығына маман дайындаудың жаңа міндеттері;
- Дәстүрлі медиа. Жаңа медиа. Әлеуметтік медиа: түйісу немесе қарама-қайшылық алаңы;
- Өңірлік медиа кеңістіктің дамуы, проблемалары мен таяу болашағы.
Конференция барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Қазконтент» АҚ арасында, сондай-ақ өңірлік медиа-холдингтермен екі тараптық Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылады.
Ғылыми жиын аясында әл-Фараби ат. ҚазҰУ Біліктілікті арттыру институты базасында өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған шеберлік-сыныптар өтеді. Біліктілікті арттыру туралы куәліктер беріледі.
Шараның екінші күнінде республикалық және өңірлік БАҚ басшылары мен өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың үшінші патриоттық фестивалінің әділқазылар мүшесі, құрметті қонағы ретінде қатысады - http://www.kaznu.kz/.
Ақпарат үшін: Білікті журналист кадрларын дайындаудағы іргелі кафедралардың бірі Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында 1934 жылы Қазақ Журналистика Институты (ҚЖИ) жанынан құрылды. Осы жылдар ішінде кафедра мыңдаған білікті журналистерді, БАҚ мамандарын дайындады.
Құттықтау, алғысөздер:
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы; факультеттің декандық корпусы; кафедра түлектері.
Кафедра мерейтойына арналған шаралар:
- университеттің эндаумент-қорының қалыптасуы;
- кафедра тарихына арналған телефильмдер таныстырылымы;
- өңірлік ТРК және журналистика факультеті арасындағы телекөпір;
- кафедра түлектерін марапаттау;
- концерттік бағдарлама;
- кампусқа экскурсия.
Байланыс үшін: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, БОК-3Б, журналистика факультеті, 225-каб., саяси ғылымдарының докторы, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева - тел.: +7(727)2211351; +7(727)2211492 факс: +7(727) 3773514 моб: +77011527488; +77074143415; эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru