Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінде докторанттарға арналған бағдарлау аптасы

13.09.2022

Көрулер: 1572

2022 жыл қыркүйек айының 5 мен 9 жұлдызы аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде докторанттарға арналған Жаңа бағдарлау аптасы (PhD Orientation Week) өтті. Бағдарлау аптасы докторанттарды даярлау процесін ұйымдастыру, зерттеулер жүргізу және ғылыми мақалаларды халықаралық журналдарда жариялау бойынша вебинарлармен қамтылды.

Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының басшысы Рената Кудайбергенова университетте докторанттарды даярлау үдерісін толық түсіндіріп, ақпарат берді. Жетекші жас ғалымдар, PhD доктор, профессор Куантай Бошкаев және PhD доктор, қауымдастырылған профессор Ақнұр Жидебекқызы диссертацияны даярлау және ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау тәжірибесімен бөлісті. ҚазҰУ-дың Жергілікті этикалық коммитетінің директоры, биоэтика бойынша ЮНЕСКО-ның аймақтық тренері, қауымдастырылған профессор Гайнель Усатаева "Ғылыми зерттеулер этикасы" тақырыбында вебинар өткізді, оның аясында академиялық адалдық мәселелері жарияланып, университеттегі ғылыми зерттеулерге этикалық сараптама жүргізу процесі түсіндірілді. Шақырылған спикер, Elsevier Орталық Азия және Азейрбайджан бойынша тренері Айжан Салимжанова Scopus деректер базасымен қалай жұмыс істеу керектігін, шетелдік консультанттарды, коллабораторларды іздеу кезінде, сондай-ақ жарияланымдарды дайындау кезінде қолда бар құралдарды қалай тиімді пайдалану керектігін айтып берді.

Бағдарлау аптасының барлық бес күні пайдалы, мазмұнды, кәсіби, жаңа ақпараттарға толы болып және қатысушылар үшін де, спикерлер үшін де қызығушылық танытты деп сенімді түрде айта аламыз.

Докторанттарды жаңа және өте маңызды кезеңдермен құттықтай отырып, қойған барлық ғылыми мақсаттарға қол жеткізуге және докторантурада табысты білім алуға тілектеспіз!