Ғылым және инновациялар бойынша Еуропалық Одақтың шеңберлік бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісімен кездесу

09.09.2022

Көрулер: 1674

2022 жылдың 9 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында ғылым және инновациялар бойынша Еуропалық Одақтың шеңберлік бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі Мағзиева Камила Түсіпханқызының «Horizon Europe Еуропалық Одақтың ғылым мен инновацияға инвестициялаудың шеңберлік бағдарламасына қатысу тақырыбындағы презентациясына қатысуға шақырамыз.

Презентация барысында Еуропалық Одақтың Horizon Europe шеңберлік бағдарламасының аясындағы басым бағыттары, ЕО елдерінің және бағдарламаға қосылған елдердің серіктестері туралы, сонымен қатар өтінімді қалай беру, неден бастау, құжаттарды қалай дұрыс дайындау, конкурстық өтінім бойынша жұмыс жоспарын қалай әзірлеу және басқа да маңызды сұрақтарға жауап беріледі.

Бағдарламаның 2021-2027 жылдарға бөлінген бюджеті шамамен 100 миллиард Еуроны құрайды.

Еуропалық Одақтың ғылыми зерттеулері мен инновацияларын гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға ниет білдіргендердің барлығын аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз!

 

Өтетін уақыты: 9 қыркүйек 2022 жыл, сағ. 15:00.

Өтетін орны: №416 конференц-зал, 4-қабат, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасы.

Мекен-жайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71/27.