Магистранттар мен докторанттарға арналған республикалық ғылыми мақалалар байқауы

15.06.2021

Көрулер: 3427

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты ашық республикалық ғылыми мақалалар байқауын өткізетіндігін жариялайды.

Конкурс 2021 жылғы 15 наурыздан 30 маусымға дейін өткізіледі.    

Конкурсқа қатысуға қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары шақырылады.

        Конкурс келесі бағыттарға негізделген:

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  стратегиялық бастамаларын қазіргі заманғы ұлттық және жаһандық сын-қатерлер мен трансформациялар тұрғысынан қайта ойластыру;
  • мемлекеттік басқару органдары мен сарапшылар қауымдастығы үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу;
  • ғылыми жарияланымдар мен зерттеулердің сапалық деңгейін арттыру;
  • қазақстандық ғылыми орта мен ғылыми пікірлерді қалыптастыру және дамыту.

«Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты республикалық ашық ғылыми мақалалар байқауы туралы Ережесімен Положение_kaz.pdf танысуға болады.