РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК СТИПЕНДИЯЛАР БАЙҚАУЫ – 2021

15.06.2021

Көрулер: 1337

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры республикалық студенттік стипендиялар байқауына өтінім қабылдауды жариялайды.

Байқау 2010 жылдан бастап студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық талантын таныту мақсатында өткізіліп келеді. Содан бері 700-ден аса дарынды қазақстандық қордың стипендиаты атанды.

Байқауға жоғары және орта арнаулы (өнер мен мәдениет) орта оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері қатыса алады.

Дербес стипендияға үміткерлер:

— ең кемі оқудың екі курсын сәтті аяқтау;

— академиялық үлгерімі жоғары болу (жақсы оқу);

— қоғамдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу;

— республикалық, халықаралық фестивальдар мен байқауларда жетістікке жету («Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқитын студенттер үшін).

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтығы бар студенттер қатыса алады.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

 ● 1 кезең білім ордасының қабырғасында өтіп, стипендияға үміткер үздік студенттер іріктеледі;

 ● 2 кезеңде байқауды оқу орнынан іріктелген студенттер арасында Қор ұйымдастырады.

Айта кетейік, тегін және ақылы негізде оқитын студенттер де стипендиядан үміткер болуға құқылы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы бір оқу жылына белгіленеді әрі жаз мезгілін қоспағанда ай сайын тек оқу кезеңінде (екі семестрге) төленеді.

Өтінімдер 2021 жылдың 15 тамызына дейін қабылданады.

Стипендия тагайындалу шарттары осында жарияланган: https://fnn.kz/competition/55