СТУДЕНТТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАЙҚАУЫ

01.03.2021

Көрулер: 4520

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті негізгі ЖОО ретінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 2021 жылдың 22 ақпанындағы №14-2/331-1-ВН  хатына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайын өткізілетін республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы байқауының 2 айналымы туралы хабарлайды.

      Байқауға арналған жұмыстарды төменде белгіленген талаптарға сай тапсыруларыңызды сұраймыз:

-  электронды пошта арқылы Қосымша 1

     Байқау жұмыстары 2021 жылдың 30 сәуірге дейін «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми жобаларының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар» талаптарына сәйкес қабылданады.

Байланыс үшін: 8(727) 337 33 30 (іш.:11-62);

Конкурс НИРС_КазНУ им.аль-Фараби 2021 года.pdf