Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы

04.02.2020

Көрулер: 1184

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті негізгі ЖОО ретінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 2020 жылдың 25 қаңтарындағы №16-5/217 хатына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайын өткізілетін республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы байқауының 2 айналымы туралы хабарлайды.

Байқауға арналған жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсыруларыңызды сұраймыз:

-  қағазда («СҒЗЖ республикалық байқауына» белгісімен) мына мекен-жай бойынша: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, РМК «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ».

-  электронды пошта арқылы, e-mail: Gaukhar.Omiraliyeva@kaznu.kz

Байқау жұмыстары 2020 жылдың 20 наурызына дейін «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми жобаларының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар» талаптарына сәйкес қабылданады.

Байланыс үшін: 8(727) 3773333, іш. 11-62

 

Қосымша:

1. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жалпы ережелер.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының топтары үшін оқу-әдістемелік секциялардың тізімі.

Республиканский конкурс НИРС КазНУ имени аль-Фараб