Хабарландыру 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы

28.06.2019

Көрулер: 5358

Хабарландыру

2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы

27.06.2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  - ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша («Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер; Энергетика және машина жасау; Табиғи, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар; Өмір және деңсаулық туралы ғылымдар; Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер; Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауылшаруашылық өнімнің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және Конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттаманы Конкурсная документация каз_.docx жүктеңіз.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлға – Елшибеков Ренат, тел. 8 (7172) 74-19-04, 74-20-29, 74-24-68, қаржылық сұрақтар бойынша – Шаймағамбетов Еркін, тел. 8 (7172) 74-16-53, 74-20-29, 74-24-68, келісім-шарт жобасы бойынша – Ибрашева Бақытгуль, тел. 8 (7172) 74-24-67. Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы беріледі, https://is.ncste.kz сілтеме арқылы.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – конкурсты өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кеш емес.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні – 2019 жыл 12 тамыз, сағат 18:30-ға дейін

Конкурстық құжаттама бойынша сұрақтар бойынша Ғылым және баспалық белсенділік басқармасына хабарласыңыздар

Телефон 377-33-30, Ішкі. 16-62