I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫ

03.04.2022

Көрулер: 2826

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық ұйымдармен, орталықтармен және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, жетекші ғылыми орталықтармен бірлесіп I Халықаралық Фараби форумын өткізеді (2022 жылдың 4-15 сәуірі).

I Халықаралық Фараби форумы аясында мемлекет пен тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өтеді. 

 

4-5 сәуір 2022 ж.

 «Әл-Фараби және түркі халықтарының рухани дәстүрі»

IX халықаралық конференциясы

 

Конференция жұмыстарының бағыттары: 

  • Ұлы даланың ұлы ойшылдары;
  • XXI ғасырдың жастары мен ғылымы: шындық және болашақ;
  • Әл-Фараби ғылымдарын жіктеу және қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері;
  • Адами капитал – ұлттың зияткерлік әлеуетінің негізі.

Өткізілетін орны: Әл-Фараби  ғылыми кітапханасы (4-қабат, конференция залы)

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану  факультеті. Жауапты: Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы. Тел. 8(727)377-33-33, 87012721704. Bekshan.Meirbaev@kaznu.kz

 

4 сәуір 2022 ж.

Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына арналған «Тексерілген шынайы ақпаратты пайдалану негізінде виртуалды білім беру деңгейін арттыру» тақырыбында V халықаралық журналистика конференциясы 

Конференция жұмыстарының бағыттары:

  • Цифрлық білім берудің шекаралары мен форматтары;
  • Виртуалды оқыту: тұлғалықпен дербестікке қарай;
  • Білім сапасы мен бағалау әдістеріне жаңа сұраныс;
  • Дәстүрлі және цифрлық білім беру тоғысы;
  • Онлайн біліктілікті арттыру мүмкіндіктері;
  • Сенімділік дәрежесі: ақпараттық ортаға сенім – сенімсіздік;
  • Фактчекинг және тексеру әдістері: өзектілік, сенімділік және негізділік;
  • Бәсекеге қабілетті бұқаралық ақпарат құралдары моделін құруда  студенттік ғылыми зерттеулер кластерін ұйымдастыру.

Өткізілетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби ғылыми кітапханасы (№409 зал)

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы. Г.С.Сұлтанбаева. тел.: +77272211492, моб.:+77073777049 sultanbaeva@gmail.com 

 

5-6 сәуір 2022 ж.

 «Медицина және қоғамдық денсаулық сақтаудың заманауи мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Конференция жұмыстарының бағыттары:

  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жаңа төтенше жағдайлар;
  • ТЖ ден қою элементтері ретінде денсаулық детерминанттары;

Дөңгелек үстел: «Қоғамдық денсаулық сақтаудағы төтенше жағдайлардың тәуекелдерін басқару».

Өткізілетін орны:  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби ғылыми кітапханасы (жасыл зал) 408.

Ұйымдастырушы:  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті.

 

6 сәуір 2022 ж.

Дәстүрлі Фараби форумы аясында шетелдік қонақтарға арналған «Таңбалы» қорық-мұражайында далалық конференция

Конференция жұмыстарының бағыттары:

  • Қазақстандағы мәдени туризм;
  • Таңбалы жартас бетіндегі суреттер;
  • Таңбалы археологиялық ескерткіштері.

Өткізілетін орны: «Таңбалы» қорық-мұражайы.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультеті. М.Қ.Дәуітбекова  тел. 87273771935, ішкі 1935, dautbekovamk@gmail.co

 

7 сәуір 2022 ж.

 «Тұрақты даму мақсаттарын имплементациялау: мәселелері мен мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел

 

 Дөңгелек үстел бағдарламасы келесі бағыттар бойынша диалог пен талқылауды қарастырады:

-        Табиғатты пайдалану және жасыл экономика;

-        Тұрақты даму мақсаттарын имплементациялауға арналған заманауи технологиялық шешімдер;

-        Техносфералық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау;

-        Табиғи және антропогендік жүйелердің өзекті мәселелері;

-        Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін нексус тәсілінің рөлі.

 

Өткізілетін орны: Әл-Фараби ғылыми кітапханасы, Ақ зал.

Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы. Жауапты: Зубова Ольга Александровна. 8(727)-377-33-3; 16-04; моб.+77772545891 Olga.Zubova@kaznu.edu.kz

 

 

6-8 сәуір 2022 ж.

«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың

халықаралық ғылыми конференциясы

 

Өткізілетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультеттері.

Ұйымдастырушы: Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент. Тел. 8 (727) 221-16-62

 

2022 жылдың 15 сәуірі күні І Халықаралық Фараби форумының салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Жабылу салтанаты аясында студенттік бизнес инкубаторлардың  инновациялық жобаларының байқауы, сондай-ақ студенттер мен жас ғалымдарды түрлі номинациялар бойынша марапаттау өтеді.     

 

 I Халықаралық Фараби форумы аясында өткізілетін іс-шаралар жайлы толық ақпаратты ұйымдастырушы факультеттердің  ақпараттық хаттарынан алуға болады.

 

Халықаралық Фараби форумын ұйымдастырушылардың мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент.

Тел.16-62. Жауапты: Ақзия Әбдіреш  e-mail.Abdresh.Akziya@kaznu.kz