"Жастар кәсіпкерлігі" курсының тұсаукесері

27.10.2021

Көрулер: 1718

2021 жылдың 28 қазанында  сағат 10.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасының үлкен конференц-залында  (4 қабат) "Жастар кәсіпкерлігі" курсының тұсаукесері өтеді.

"Жастар кәсіпкерлігі" курсы студенттерді базалық және кәсіби кәсіпкерлік құзыреттерге оқытуға бағытталған. "Жастар кәсіпкерлігі" бағдарламасының тұжырымдамасы Agile-тәсіл әдістемесін қолдану арқылы оқытудың интерактивті процесі болып табылады. Б

ағдарламада тек теориялық материал ғана емес, сонымен қатар оның практикалық меңгерілуі да бар, оқыту нәтижесінде болашақ өнімнің толыққанды жеке бизнес моделі мен прототипі қалыптасады. Курс аяқталғаннан кейін студенттер интеграцияланған міндеттер, алынған дағдылар мен бастапқы тәжірибе, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде кәсіби мәселелер жиынтығын шешуге қабілетті болады.

Барлық ниет білдірушілерді аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз!