ПРЕСС АНОНС

15.10.2021

Көрулер: 2407

29 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде көрнекті ғалым, философия ғылымының докторы, профессор М.Ш. Хасановтың 80 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан философиясының Еуразиялық дискурсы» атты халықаралық дөңгелек үстел (онлайн) өтеді.

Іс-шараға алыс-жақын шет елдегі және еліміздегі философ ғалымдар, университеттің профессор-оқытушы құрамы, докторант, магистрант, студенттер қатысады.

Дөңгелек үстел жұмысының негізгі бағыттары Еуразиялық философияның дәстүрлері және қазіргі заман, Еуразиялық интеграцияның әлеуметтік және саяси өлшемі, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы еуразиялық идеялар тақырыптарын қамтиды.

Онлайн қосылу үшін – дөңгелек үстел сілтемесі ZOOM

ID: 852 7351 9754

код: 123456

 

 

Бізбен байланыс үшін:

+77052126325,+77086321985.