"Жас талант - 2021" байқауы басталды!
Көрулер: 4791
Құрметті 1- курс студенттері!
Сіздерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін «ЖАС ТАЛАНТ-2021» атты жастардың көркемөнерпаздар байқауына қатысуға шақырамыз!
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ – жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуіне жағдай жасап, дарынды таланттарды анықтау. Университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласуға баулу.
БАЙҚАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ:
Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі (домбыра, қобыз, баян, фортепиано, сыбызғы, саксафон, дарбука, барабан және т.б.);
Әншілер байқауы (дәстүрлі, эстрадалық, Q-POP, бибокс және т.б.);
Бишілер байқауы (халықтық, заманауи, классикалық);
Актерлік шеберлік;
Жүргізушілер байқауы;
Қолөнер және жас суретшілер байқауы;
Жас ақындар байқауы.
БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
Байқауға тек 1-курс студенттері қатыса алады;
Видео 2 минут;
Қолөнер өнімдері мен суреттері сапалы фотоға түсірілуі керек;
Видео, фотолар көлденеңінен түсірілуі керек.
Жүлдегерлер арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.