Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әскери кафедрасында студенттердің оқу-жаттығу жиыны басталды

19.07.2021

Көрулер: 2317

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасына сәйкес 2021 жылғы 19 шілде мен 23 тамыз аралығында толық оқу курсынан өткен студенттермен оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.

Биылғы жылы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша, карантиндік іс-шараларға байланысты оқу-жаттығу жиындары онлайн форматта өтетін болады, оларға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында келесі Әскери-есептік мамандықтар бойынша оқитын студенттер тартылады: Құрлық әскерлері ӘШҚҚ әскерлерінің офицерлері, мотоатқыштар және барлау бөлімшелерінің командирлері, тәрбие құрылымдарының офицерлері, әскери журналистер, байланыс әскерлерінің офицерлері және дене дайындығы мен спортты ұйымдастыру жөніндегі офицерлер.

Жиын барысында Құрлық әскерлері Әскери институтының полигонында курсанттар атыс қаруынан оқу-жаттығу атыстарын орындайтын болады, Құрлық әскерлерінің ӘШҚҚ әскерлеріне арналған запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын курсанттар ЗУ-23 зениттік қондырғысынан жауынгерлік атыстарды орындайды. 

Оқу-жаттығу жиындары аясында әскери-техникалық викториналар, дебат-турнирлер, тақырыптық кештер, психологиялық тренингтер, Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер сияқты әскери-патриоттық және мәдени-сауықтыру іс-шараларын  өткізу жоспарланған.