Құрметті университет оқытушылары мен қызметкерлері!

03.07.2021

Көрулер: 2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында «Жан Досым» теннис орталығы Сіздерді үлкен тенниспен шұғылдануға шақырады!

Теннис орталығында киім ауыстыратын бөлмелер, душ бөлмелері, медициналық кабинет, кафе, спорт дүкені сияқты барлық жағдайлар қарастырылған.

Орталықтың қызметі барлық санитарлық нормалар мен талаптарға сай.

ҚазҰУ қызметкерлері мен оқытушыларына арналған уақыт, күн сайын сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін.

Кіру кезінде жеке куәлік пен университет қызметкерінің ID-картасын ұсыну қажет.

Мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ қалашығы, «Жан Досым» теннис орталығы, байланыс телефоны +7 708 108 0390.