К.Н. Нәрібаевты еске алуға арналған халықаралық конференция

12.06.2021

Көрулер: 2551

2021 жылдың 18 маусымында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Абай атындағы ҚазҰПУ-де “Академик К.Н. Нәрібаевтың еңбектеріндегі Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық дамуы мен жоғары білім беру жүйесінің қазіргі мәселелері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік бірлескен конференция өтеді.

 

Атаулы іс-шара Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор К.Н. Нәрібаевты еске алуға арналған.

Конференция жұмысына ғылыми қызметкерлер, ғалым-экономистер, жоғары білімнің басшылары мен мамандары, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар, мемлекеттік билік және басқару органдарының басшылары, қаржы саласының мамандары қатысады.

Конференцияның мақсаты – экономика, жоғары білім, педагогика және болашақ мамандарды ұлттық тәрбиелеу саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылау: тиімді ұйымдастырудың стратегияларын, технологиялары мен тетіктерін әзірлеу болып табылады.

Конференцияның пленарлы отырысының бағдарламасына жоғары білім, ғылым және мемлекеттік басқару салаларының жетекші өкілдерінен экономика, педагогика, менеджменттің өзекті мәселелері бойынша 10-нан астам баяндама енгізілді.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы электронды түрде дайындалып, әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ сайтына конференциядан кейін орналастырылады.

Конференция аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінің менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен К.Н. Нәрібаев атындағы аудиторияның салтанатты ашылуы арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен өтеді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, менеджмент кафедрасы