Берген университетінің құрметті профессоры (Норвегия Корольдігі) Гуннар Скирбеккпен кездесу
Көрулер: 1842
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отыз жылдыққа отыз апталық» шарасының аясында «Ғылымда даңғыл жол болсын» бағытындағы бұқаралық дәрісі өтеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі және Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) Университетімен бірлесе отырып Берген университетінің жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды зерттеу орталығының құрметті профессоры (Норвегия Корольдігі), Норвегия ғылым және әдебиет академиясының мүшесі, Норвегия корольдігінің Ғылым және әдебиет қоғамының мүшесі Гуннар Скирбекк қатысуымен «Қазіргі заманның алуан түрлілігі», «Философияның жаһандық тарихының идеясы» атты тақырыптарда бұқаралық дәрістер өткізеді! Бұл кездесу онлайн форматта өтеді.
Кездесуді Халықаралық Әл-Фараби орталығы және Қазақстан философиялық конгрессі ұйымдастыруып отыр. Кездесуге ZOOM ID нөмірі: 208 995 0029 арқылы кіруге болады