Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер!

01.04.2021

Көрулер: 1271

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жаңабілім беру технологиялары институты қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыру мақсатында университет оқытушылары арасында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысының сандық шеберханасы» атты онлайн шеберлік сағаттар тізбегін өткізеді. 

Алғашқы шеберлік сағатын «Miro/Mindmeister интерактивтік тақтасымен жұмыс жасау, Canva-мен интерактивтік презентация дайындау» тақырыбымен 2 сәуір күні сағат 16.30-да Экономика және бизнес жоғары мектебі, экономика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Динара Рахматуллаева жүргізетін болады.

«Сабақ барысында біз заманауи сандық технологиялар мен құралдарды пайдалану бойынша үздік педагогикалық тәжірибелерімізбен бөлісіп, өзара білім алмасамыз. Қашықтықтан оқытуға қатысты туындаған мәселелерді ортаға салып, бірге шешімін іздейміз», ­­­- дейді шара нұсқаушысы ДинараЖақсылыққызы.

Шеберлік сағатына қатысуға арналған сілтемелер:

Zoomконференциясынақосылу: https://us02web.zoom.us/j/88037705579?pwd=UkhPS1RFM1VzS2VaZ1FBNmtoMFJTdz09

Конференция идентификаторы: 880 3770 5579

Кіру коды: 628616

Жазбажәнетікелей эфирhttps://youtu.be/RiWUY7UTAGo

Сондай-ақ жоба ұйымдастырушылары барша әріптестерін студенттермен жұмыс барысында енгізген қызықты әрі тиімді әдістерімен бөлісуге және шеберлік сағатын өткізуге шақырады.

Байланыс телефондары: +7 (705) 544-59-30; ​

e-mail: ​Krugovykh.Ilya@kaznu.kz

Круговых Илья Игоревич, институттың сарапшы-маркетологы