Онлайн-кездесу "Логистика салалар бойынша"

12.02.2021

Көрулер: 2087

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, ЭБЖМ «Бизнес-технологиялар» кафедрасы DAMU Logistics компаниясының (http://dlg.kz/) өкілдерімен бірлесе отырып 3-4 курс Логистика мамандығының студенттерімен онлайн кездесу өткізеді. Кездесуге «Логистика салалар бойынша» мамандығының 3,4 курс студенттері мен факультеттің оқытушылары-профессорлары шақырылады.

Кездесуді өткізудің негізгі мақсаты – 3-4 курс студенттерінің тәжірибелік- өндірістік практикадан өтуі мен жұмысқа тұру мәселелері жайында маңызды ақпараттар беріліп, толық мәліметтермен таныстыру.

Өтетін күні мен уақыты: 12.02.2021 жылы, сағат 17.30-да