Оқу-әдістемелік семинар-тренинг
Көрулер: 2409
Оқу-әдістемелік семинар-тренинг
2021 жылы 18-қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты мен биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы бірлесе отырып "Қазақстан Республикасында орта білім берудің 11 – сыныптарына арналған жаңартылған бағдарлама негізінде "Биология" пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесі" тақырыбында биолог-мұғалімдерге арналған Республикалық оқу – әдістемелік семинар-тренинг (онлайн) өткізеді.
Курстың мақсаты: ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыпсатыру, сыни ойлауды дамыту, фактілер арасындағы ұқсастықтарды құру және оларды түсіндіру қабілетін қалыптастыру.
Курста дәрістерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүргізеді.
Семинарды ұйымдастырушылар биология пәні бойынша 11-сынып кітабының авторы, биофизика, биомедицина және нейробиология кафедрасының доценті, б.ғ.к., Н.Т. Абылайханова және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты
Техникалық хатшы: Сайдахметова А. Қ.
Кіру сілтемесі:
https://us04web.zoom.us/j/74357856206?pwd=cGdkVmlJRnBQWGhVNUJhS1VpODlpQT09
Идентификатор: 743 5785 6206
Код: jpkG65