"Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде дамуы: заманауи ақиқат, жаңа идеялар, құқықтық тәжірибе" тақырыбында онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді

21.12.2020

Көрулер: 324

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2020 жылдың 23 желтоқсанында сағат 15.00-де (Алматы уақыты бойынша) ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор Сартаев Сұлтан Сартайұлын еске алуға арналған "Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде дамуы: заманауи ақиқат, жаңа идеялар, құқықтық тәжірибе" тақырыбында онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияда келесі мәселелерді қарастыру жоспарлануда:

  • ·      Қазақстан Республикасында және шет елдерде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері;
  • ·      академик С. С. Сартаевтың егеменді және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына негіз болған құқықтық мемлекеттің қалыптасуы туралы идеялары;
  • ·      құқықтық мемлекеттің негізі ретінде заң ғылымы мен заң білімін дамыту;
  • ·      академик С. С. Сартаевтың саяси-құқықтық көзқарастарының құқықтық және адамгершілік сананы қалыптастыруға және қазіргі Қазақстанның студент жастарын тәрбиелеуге әсері.

Осы конференцияға қатысуға шақырамыз. 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін баяндамалардың, мақалалардың тақырыптарын жіберулеріңізді сұраймыз. Ұйымдастыру комитеті конференцияны өткізгеннен кейін конференцияның материалдар жинағын шығаруды жоспарлап отыр (электронды түрде ISBN халықаралық нөмірін бере отырып). Сіздің қатысуыңызды растау үшін, сондай-ақ барлық ұйымдастыру сұрақтары бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Конференцияны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы өткізеді.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Конференция ZOOM платформасында онлайн форматта өтеді. https://us04web.zoom.us/j/78214769317?pwd=QTJVWFRlVGs0cjZETUp2U29iMG9Hdz09

Идентификатор конференции: 782 1476 9317

Код доступа: 231220

Үйлестіруші-Турсынкулова Динара. Тел: +77075751175

Баяндамалар, мақалалар тақырыптарын Aigera8061@gmail.com поштасына жібере аласыздар.

Мақалаларға қойылатын талаптар:

  • · Көлемі 8 бетке дейін;
  • · Windows 98/2000/XP бағдарламасы; Microsoft Word 2003;
  • · Бет параметрлері: жоғарғы жиегі - 2 см., төменгі жиегі - 2 см., сол жағы - 3 см., оң жағы-1,5 см.;
  • · Қаріп Times New Roman, Kz Times New Roman; қаріп мөлшері-12 pt;
  • · Жоларалық интервал бір; азат жол шегінісі-1 см; кітап бағдары; колонтитулдарсыз және беттерді қойылмайды; мәтін ені бойынша тураланған;
  • ·

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ 

 

Программа Конференции.pdf