Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

04.12.2020

Көрулер: 8452

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ,     Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Экология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Сіздерді «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» I Халықаралық ғылыми-экологиялық форумына қатысуға шақырады.

Форумның өтетін күні мен уақыты: 2020 ж. 9 желтоқсан, сағ. 10.00

Жұмыс қазақ, орыс, ағылшын тілінде өтеді.

Өтетін орны: «Zoom» онлайн-алаңы

Форумның мақсаты қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі проблемаларды талқылау және шешу жолдарын қарастыру және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Секциядағы жұмысты келесі бағыттар (тақырыптар) бойынша ұйымдастыру жоспарланған:

1 бөлім. «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі халықаралық ынтымақтастық»

1. Тарихи экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары (Арал проблемалары, ядролық қалдықтар және т.б.);

2. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелері және жасыл экономикаға көшу саясаты

2-бөлім. «Табиғи ресурстарды орнықты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды реттеу»

1. Ауаның ластануы және экологиялық мониторинг;

2. Су ресурстарын тиімді пайдалану;

3. Экологиялық жағдайдағы сумен жабдықтау және суды бұру;

4. Өндірістік және тұтыну қалдықтарын басқару;

3-бөлім. «Биоәртүрлілікті сақтау және адам денсаулығының экологиялық факторлары»

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау;

2. Экологияның адам денсаулығына әсері;

4-бөлім. «Экологиялық инновациялар және жасыл технологиялар»

1. Жасыл технологиялар және топырақ деградациясын төмендету;

2. Өндірістік кәсіпорындарды модернизациялау: Ең озық қолжетімді технологиялар;

3. Төмен көміртекті даму және климаттың өзгеруі.

Белгіленген тақырып шеңберінде басқа да мәселелердің көтерілуі мүмкін.

 

Жұмыстың ұйымдастырушылық формалары: пленарлық отырыс, секциялық отырыстар, проблемалық пікірталастар.

Форумға қатысушылар: ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, жақын және алыс шет елдердің өкілдері.

Форумға қатысуға өтінімдер беру және қатысушыларды тіркеу тәртібі: (өтініш нысаны - 1-қосымша) және материалдар (баяндамалардың мәтіндері, мақалалар мен презентациялар), ғылыми кеңесшілердің шолулары (студенттер үшін) ecoforum2020@gmail.com электрондық поштасына 2020 жылдың 5 желтоқсанына дейін жолдануы қажет. Материалдарды әзірлеуге қойылатын талаптар 2-қосымшада ұсынылған.

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

БІРІНШІ КЕЗЕҢ: ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ҚАТЫСУ ФОРМАСЫН БЕКІТУ.

v Өтінімді толтыру www.aeok.kz/ecoforum сайтында онлайн режимде жүзеге асырылады

v Өтінім берудің соңғы мерзімі - 2020 жылдың 5 желтоқсаны.

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ: ТІРКЕЛУДІ РАСТАУ

v Өтінішті алғаннан кейін Ұйымдастыру комитеті өтініште көрсетілген электрондық поштаға сәтті тіркеуді растайтын жазбаша хабарлама жібереді.

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ: РЕСМИ ШАҚЫРУ АЛУ

v Жариялау үшін ұсынылған материалдар ұйымдастыру комитеті қарағаннан кейін белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, 6 желтоқсаннан 8 желтоқсанға дейінгі аралықта әлеуетті қатысушы конференцияға қатысуға жеке шақыру алады.

Бөлім жұмысына қызығушылық танытқан барлық сұрақтар бойынша мындағы телефон нөмерлері арқылы байланысуға болады: + 7 (7172) 999-409

электрондық пошта: ecoforum2020@gmail.com

(хат тақырыбы - «Форум.Экология»)