Мәдениетті қолдайтын университеттердің Еуразиялық желісі

24.11.2020

Көрулер: 1741

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 26 қарашада онлайн-форматта жоғары оқу орындары басшыларының халықаралық онлайн-кездесуі өтеді және онда «Шекарасыз білім мәдениетін қолдау үшін Университеттердің еуразиялық желісін» құру туралы ақпараты ресми жарияланатын болады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ЮНЕСКО қолдауымен Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2013-2022 жылдар аралығында Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығын жариялады. Осы тұрғыда Еуразиялық университеттер желісін құру мақсаты ерекше өзектілікке ие болып отыр, ол студент жастардың бойында адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін пайдалы орта ретінде білім мәдениетін қалыптастыруға негізделеді. Жоғары этикалық және азаматтық көзқарасы бар жоғары білікті мамандардың жаңа буыны өркениеттің дамуына лайықты үлес қоса алады.

Университеттердің еуразиялық желісін Олжас Сүлейменов басқаратын ЮНЕСКО аясында мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының қолдауымен құру ұсынылады. Орталық Алматыда орналасқан және ғылымды, білімді дамыту, жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдени сан алуандықты нығайту негізінде диалогқа және планетарлық сананы тәрбиелеуге жаңа серпін беру үшін арнайы құрылған бірегей халықаралық институт болып табылады.

Биыл ЮНЕСКО-ның қолдауымен халықаралық деңгейде әл-Фарабидің 1150-жылдығы мен Абайдың-175 жылдығы аталып өтуде. Ойшылдардың өркениеттің дамуына қосқан зор үлесін халықаралық қауымдастық жоғары бағалады. Осыған байланысты онлайн-кеңестің бастамашылары Еуразиялық университеттер желісін ағартушылар мен гуманистер әл-Фараби мен Абайдың құрметіне атауды ұсынуда.

Іс-шарада «Шекарасыз білім мәдениетін қолдайтын Университеттердің Еуразиялық желісі» ресми ашылуы және құрылу салтанаты өтеді. Сонымен қатар, қорытынды коммюнике қабылданып, бірлестік Жарғысының жобасы қаралады.

Іс-шараның өтетін күні мен уақыты: 2020 жылғы 26 қараша, сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты).

Трансляция сілтеме бойынша ZOOM онлайн-платформасында ұйымдастырылады:

https://us02web.zoom.us/j/81461663393?pwd=ZXZhdURoeE83UjNkdkJxSVdIc3NqZz09. Идентификатор: 814 6166 3393, пароль – 184526.

Онлайн-кеңеске қосылу мәселелері бойынша сіз мына электрондық мекенжайға жүгіне аласыз: info.crc-kz@mail.ru (Игорь Крупко), моб. тел. +77779109305.