Республикалық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша оnline олимпиада өткізіледі

24.11.2020

Көрулер: 2687

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және «Sanaly urpaq» республикалық жобалау кеңсесімен бірлесіп Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша республикалық оn-line олимпиадасын өткізеді (оn-line олимпиада да шетелдердің жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады). Республикалық оn-line олимпиада халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналады

Олимпиада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасымен өткізіледі.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

Олимпиаданың тілі: қазақ тілі, орыс тілі

On-line олимпиаданы өткізу туралы бейне ақпарат https://drive.google.com/file/d/1KF61pdrJnj6p1TvJ-mUzFiLt_mWKTVG2/view?usp=sharing сілтемесі бойынша қолжетімді.

Онлайн тестілеуден өту үшін алдымен http://online-test.kaznu.kz/ cайтында тіркелу қажет.

Олимпиаданың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; парасаттылықты қалыптастыру және дамыту; неғұрлым талантты және дарынды студенттерді іріктеп алу және оларды қолдау.

Олимпиаданы өткізу тәртібі:

Бірінші кезең – 2020 жылдың 26 қарашасынан 2 желтоқсанға дейін Олимпиада қатысушыларын on-line тіркеу.

Екінші кезең – Олимпиаданың өзі. Олимпиада екі турдан тұрады.

Бірінші тур – 2020 жылдың 3 желтоқсанында сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін тестілеу. 60 тест сұрақтары беріледі, оларды шешу үшін 60 минут уақыт бөлінеді. Тест сұрағының бір дұрыс жауабы бір баллға теңестіріледі. Ең жоғары балл мөлшері – 60 балл. 30 және одан да жоғары балл жинаған студенттер екінші турға жіберіледі.

Екінші тур 2020 жылдың 4 желтоқсаны мен 6 желтоқсан аралығында оn-line режимінде өтеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негізі ретінде парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту» тақырыбында ғылыми жобаның бейнефайлын adilek03@mail.ru поштасына ұсыну (жүктеу) қажет. Бейнефайлдың максималды ұзақтығы – 3 минут.

Екінщі турды бағалау критерийлері:

  • § Ұсынылған материалдың өзектілігі, нысаны мен сапасы – 25 балл;
  • § Жобаның ғылыми жаңалығы – 25 балл;
  • § Жобаның ерекшелігі мен креативтілігі – 25 балл;
  • § Жобаның тәжірибелік маңыздылығы – 25 балл .

Ең максималды балл мөлшері – 100.

Олимпиадаға оған қатысу үшін өтінішті белгіленген тәртіпте тапсырған ҚР ЖОО-ның 1-4 курс бакалавриат студенттері қатыса алады.

ЖОО басшылығы бекіткен өтініште ЖОО атынан қатысатын барлық қатысушылардың аты көрсетілген электронды үлгіні толтыру жолымен жіберіледі. Бір ЖОО атынан қатыса алатын студенттердің саны 10-нан аспауы қажет. Олимпиада өткізіліп жатқан кезеңде қатысушылардың құрамын өзгертуге болмайды.

Қатысушылардың жеке нәтижелері олимпиаданың екінші кезеңінің екі турының нәтижелері бойынша жиынтық балдың қорытындысы негізінде анықталады. Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары 1-ші (бір студенттен артық емес), 2-ші (екі студенттен артық емес), 3-ші (үш студенттен артық емес) дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Жеңімпаздарды марапаттау 2020 жылдың 11 желтоқсанында on-line режимде өтеді.

Олимпиаданың координаторы – Турсынкулова Динара Ахановна.

Эл. пошта – adilek03@mail.ru

Тел: +77075751175, +77771110311