Отандық және әлемдік психологияның жағдайы

29.10.2020

Көрулер: 1996

31 қазанда онлайн форматта профессор C.М. Жақыповтың 70 жылдығына арналған «Отандық және әлемдік психологияның жағдайы мен даму перспективалары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді.

Негізгі мақсат С.М. Жақыповтың идеялары мен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі психология ғылымының өзекті мәселелерін талқылау және шешімдерін іздеу; ғылыми және қолданбалы нәтижелермен зерттеу тәжірибесімен алмасу; ғылыми теориялық және практикалық білімді ғалымдар, оқытушылар және мүдделі тұлғалар арасында тарату болып табылады.

Шара 2020 жылдың 31 қазанында Zoom платформасында өтеді. (Конференция идентификаторы: 729 4094 9342 құпия сөз: 123456, басталуы: сағ. 13.00)