Әл-Фараби және қазіргі заман

15.10.2020

Көрулер: 2955

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2020 жылдың 15-30 қазан аралығында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты спикерлердің халықаралық байқауын жариялайды.

Байқауға қатысу үшін 2020 жылдың 15 қазанынан 30 қазанына дейін WhatsApp-та тіркеуден өтіп, толық аты жөнін, жасын, номинациясын көрсетіп, байқау номинациясы бойынша 5-7 минутқа дейінгі бейнежазбаны WhatsApp нөміріне жіберу қажет: +77475817489 (Бекенова Жұмагүл).

Байқаудың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Конкурсқа қатысушыларға байқаудың ұсынылған номинацияларының біріне видео түсіріп арнайы тапсырманы орындау ұсынылады.

Байқау талаптары.doc