POSCO СТИПЕНДИЯСЫ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР

20.08.2020

Көрулер: 582

Posco International Corporation Posco 2007 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне шәкіртақы ұсынады. POSCO Asia Fellowship стипендиясының 14-ші байқауына қатысуға шақырамыз. POSCO Asia Fellowship стипендиясы белсенді және талантты студенттердің өз саласында көш басшы болуына ықпал ету мақсатында беріледі.

ҚАТЫСУШЫЛАР

Өнер және дене шынықтыру мамандықтарынан өзге салада білім алатын 2, 3 және 4 курс студенттері.

Мемлекеттік грант негізінде білім алушы студенттердің өтініштері конкурсқа ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ

Ағылшын тілін білу міндетті 

КОНКУРС ТӨРТ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:

  1.  ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАСТЫРУ 

2020 жылдың,15 қыркүйекке дейін 

Студенттер резюмелерін (көрсетілген нұсқада) және транскрипттерін Posco International Corporation Almaty office жіберуқажет (kamilla@poscointl.com). 

  1.  ИНТЕРВЬЮ

Таңдаулы студенттер ағылшын тілінде интервьюге қатысады. (Эссе және интервью өткізу күні жеке жарияланады)

3. ЭССЕ (мүмкіндік болған жағдайда өткізіледі):

30 минут ішінде берілген тақырыпта ағылшын тілінде Эссе жазу сайысына қатысу. Эссе тақырыбы сайыс күні беріледі және жазу мен аналитикалық ойлау қабілеттерін тексеруге арналған.

4. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ/СТИПЕНДИЯ ТАБЫСТАУ

Үздікстуденттерге POSCO Asia Fellowship стипендиясы табысталады. Стипендия студенттерге оқу бағдарламасының соңына дейін беріледі. (800 USD жылына)

Өзін көрсете білген үздік студентке Posco Daewoo Корпорациясының Алматы қаласы бөлімінде тәжірибеден өтуге және әрі қарай жұмысқа орналасуға мүмкіндігі беріледі.

Қажетті ақпарат бойынша 87273110322 ext. 101

CV sample 2020.docx