Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы Абай залының тұсаукесері

08.08.2020

Көрулер: 2321

10-тамызда Қазақстанда алғаш рет Абай күні атап өтіледі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұлы ойшыл және ақынның 175 жылдығына орай ашылған тақырыптық залдың тұсаукесері өтеді.

Зал университеттің Ғылыми кітапханасында орналасқан, онда ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы экспозициялар, сондай-ақ Абай Құнанбаевтың панорамалық суреті бар. Сонымен бірге, шарада Абай халықаралық клубы басып шығарған оның толық шығармалар жинағы ұсынылады. Шығарылым туралы белгілі қазақстандық жазушы, драматург және баспагер Роллан Сейсенбаев әңгімелейді.

Он томдық басылымға ұлы ақынның орыс, ағылшын, француз және неміс тілдеріне аударылған туындылары кірді. Жинақтың «Абай туралы сөз» атты жеке томы толығымен әдебиеттанушылар, ақындар, жазушылар мен әлемге әйгілі ғалымдардың Абай туралы тұжырымдарына арналған.

www.kaznu.kz