Абай шығармашылығына арналған халықаралық онлайн-вебинар

02.03.2020

Көрулер: 2414

2020 жылдың 26 ақпаны мен 06 наурызы аралығында күнделікті сағ.14.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Қазақ филологиясы» кафедрасының бірігіп ұйымдастыруымен ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында «Абай танымындағы Адамзат және Жаратылыс концепциясы» тақырыбында халықаралық on-line (вебинар) семинар өтеді.

Семинарға республика ЖОО-ларының оқытушы-ғалымдары қатыса алады. Онлайн-семинардың қорытындысы ретінде материалдар жинағы шығарылып, сертификаттар тапсырылады.

Семинар туралы ақпаратты мына телефондар арқылы біле аласыздар^ +7 (7292) 42-20-29 , 42-57-80

www.kaznu.kz