«ХІІ Оразбаев оқулары»

08.02.2020

Көрулер: 2861

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Орталық Азияның ежелгі және дәстүрлі қоғамдарының тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу, түсіндіру және сақтау мәселелері» атты тақырыппен өтетін дәстүрлі «ХІІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның өтетін жері мен уақыты:

17-18 сәуір 2020 жыл

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Тарих, археология және этнология факультеті

 

2020 ж. 18 сәуіріне Есік «Алтын адамы» ашылуының 50 жылдығына және белгілі археолог Б.Н. Нұрмұхамбетовтың 85 жылдығына орай «Есік» мемлекеттік

тарихи-мәдени қорық-музейінде далалық семинар жоспарланған.

 

Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:

  • ·           Ежелгі және ортағасырлық археология;
  • ·           этникалық тарих пен этномәдени үдерістердің жалпылама және өзекті мәселелері;
  • ·           Көрнекті археологтар мен этнологтар жайлы естеліктер мен ой-толғамдар;
  • ·           Археологиялық және этнографиялық экспедициялардың далалық материалдары;
  • ·           Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және музеефикациялаудың әдістері;
  • ·           Тарихи пәндердегі пәнаралық әдістер;
  • ·           Археология мен этнологиядағы қазіргі заманғы әдістер мен тұрғылар;
  • ·           Археологияны, этнологияны және музей ісін ЖОО-да оқытудың жаңа тұрғылары мен инновациялық әдістері.

 

Конференция – қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде өтеді.

 

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 30 наурызына дейін келесі мекен-жайға: orazbayev-conference@mail.ru баяндамалардың мәтіндері мен қатысу өтінішін жіберу керек.

 

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші жақтан өтеледі.

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Баяндама мәтіні 15 бетке дейін (негізгі мәтін, әдебиеттер тізімі, суреттер мен кестелерге арналған жазбалар) *.doc, *. docx форматында қабылданады. Times New Roman 12 шрифтпен терілуі тиіс, жоларалық интервал - 1, барлық жиектер - 20 мм. Азат жол: 0,5 см. Жеті данаға дейін сызба және сурет түріндегі көрнекіліктер қабылданады. Көрнекіліктер jpg немесе tiff форматында, 300 dpi кем болуы шарт. Суреттер, графиктер және диаграммалар қара және ақ болып, түссіз немесе сұр элементтер мен шағын (қатты) толтыруларсыз. Мәтінде суреттерге сілтеме доғал жақшаларда беріледі. Мысалы (сурет 1,3; 2,4), (кесте 1).

Жоғарыда оң жағында баяндама авторының аты-жөні, бір бос орыннан кейін бет ортасында қанық шрифтпен баяндама атауы үлкен әріптермен жазылады, Негізгі мәтін бір бос жолдан кейін басталады. Деректерге сілтеме доғал жақшаларда жасалады (Аты-жөні, жылы, беті). Мысалы: (Омаров, 2014, 15-20). Сілтеме ұжымдық жұмысқа жасаланған жағдайда бірінші үш авторлар көрсетіледі (Маргулан, Акишев, Кадырбаев, 1966, с.97). Әдебиеттердің толық библиографиялық тізімі мақала соңында алфавит бойынша беріледі.

Мақала соңында ағылшын тілінде аннотация болуы қажет. Аннотация автордың / авторлардың аты-жөнінен, мақаланың атынан және 300 көп емес сөзден, түйін сөздерден тұрады (шрифт 12 кегль).

Конференция тақырыбы мен баяндама рәсімдеудің талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар Ұйымдастыру алқасының шешімімен жинаққа еңгізілмейді. 

 

2020 жылғы 17-18 сәуірде өтетін «ХІІ Оразбаев оқулары»

халықаралық археологиялық конференцияға қатысуға

ӨТІНІШ

 

Аты-жөні

 

Мемлекет, қала

 

Ұйымның атауы

 

Қызметі

 

Ғылыми дәрежесі, Ғылыми атағы

 

Байланыс телефоны

 

e-mail

 

Баяндама тақырыбы

 

Іссапарды рәсімдеу үшін жеке шақырудың қажеттігі

 

 

Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі мағлұматтар арқылы хабарласып білдіре аласыздар:

 

Бесетаев Бауыржан Берікқанұлы

моб. тел.: +7 702 791 36 31

е-mail: orazbayev-conference@mail.ru

 

Ерғабылов Ақбар Ерболұлы

моб. тел.: +7 778 923 40 08

е-mail: orazbayev-conference@mail.ru

Құрметпен, Ұйымдастыру алқасы