On-line олимпиада

11.12.2019

Көрулер: 2665

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен мен "Sanaly urpaq" республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы және шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері арасында 2019 жылдың 26 қарашасы мен 6 желтоқсан аралығында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері" атты студенттік пәндік оn-line олимпиадасын өткізді.

Олимпиада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ұйымдастырумен, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71 мекен-жайы бойынша өтті. Олимпиада тілдері: қазақ, орыс.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері" атты студенттік пәндік оn-line олимпиаданы өткізу талаптары ақпараттық хаттарда еліміздің және шет мемлекеттердің ЖОО-дарына жіберілген.

Бірінші тур – оn-line тестілеу 2019 жылдың 3 желтоқсанында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өткізілді. 60 тест сұрақтары, мәселелерді шешуге бөлінген уақыт – 60 минут. Тест сұрағына бір дұрыс жауап бір баллға теңестірілді. 30 баллдан жоғары жинаған студенттер екінші турға өткізілді.

Екінші тур оn-line режимінде 2019 жылдың 4 желтоқсаны мен 6 желтоқсаны аралығында өтті. Бірінші турға қатысушылар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізі ретінде парасаттылық қағидаларын қалыптастыру және дамыту" тақырыбында ғылыми жобаның бейнефайлдарын ұсынды. Бейне файлдың максималды уақыты - 3 минут және ұйымдастырушылардың поштасына жіберілді.

Екінші турды бағалау критерийлері:

Ұсынылған материалдың өзектілігі – нысаны мен сапасы-25 балл;

Жобаның ғылыми жаңалығы-25 балл;

Жобаның ерекшелігі мен креативтілігі – 25 ұпай;

Жобаның тәжірибелік маңыздылығы – 25 балл .

Ең жоғары балл саны-100.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері" атты студенттік пәндік оn-line олимпиада нәтижелерін тексеру үшін құрылған конкурстық комиссия отырысында платформада тіркелген қатысушылар www.online.test.kaznu.kz on-line тестілеудәің және ұсынған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізі ретінде парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту" тақырыбында, ғылыми жобалардың бейнероликтерін бағалады.

Олимпиадаға тіркелген жалпы саны 2019 жылдың 26 қарашасына дейін-146 қатысушы, on-line тестілеудің бірінші туры 19 қатысушы шекті деңгейден өтті. Бейненің екінші туры on-line режимінде 2019 жылдың 4 желтоқсаны мен 6 желтоқсаны аралығында өтті. Жіберілген жұмыстардан жеңіске үміткерлердің 6 жұмысы таңдалды.

Жиналған балдардың қорытынды есебі бойынша студенттердің құқықтық Олимпиадасының келесі қатысушылары дипломдармен марапатталды:

І дәрежелі Диплом-Бержан Алмат Темірханұлы ( әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) - жалпы балл 144;

ІІ дәрежелі Диплом-Абдурахман Батухан Алмазұлы (л. Т. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) - жалпы балл 140;

ІІ дәрежелі Диплом-Орақбаев Ерполат Темірбайұлы (Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті) - жалпы балл 138;

ІІІ дәрежелі Диплом - Досназарова Айгүл Даулетназарқызы (Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті) - жалпы балл 132;

ІІІ дәрежелі Диплом-Мырзашова Мерей Шоқанқызы (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ) - жалпы балл 131;

ІІІ дәрежелі Диплом-Тулеу Ислам Талғатұлы (академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті) - жалпы балл 130.

Жеңімпаздарды марапаттау 2019 жылы 12 желтоқсанда сағат 11.00-де ҚазҰУ заң факультетінің 308 аудиториясында өтті.әл-Фараби атындағы қазұу.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 308 аудиториясында жеңімпаздарды марапаттау.

 

Өткізілетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даң. 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Заң факультетінің 308 аудиториясы

 

Өткізілетін уақыты: 12 желтоқсан 2019 ж. 11:00

 

 

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарлсуларыңызға болады: 8 (727) 377-33-33 (1255), (1256).