Эразмус+ бағдарламасының ЖББӘА (жоғары білім беру әлеуетін арттыру) жобаларының үйлестірушілері мен консорциум мүшелерінің кластерлік кездесуі

10.05.2019

Көрулер: 2156

15 мамыр 2019 ж. Алматы қаласында Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің қатысуымен «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жобалар: жұмыс берушілер мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуы» тақырыбында Эразмус+ бағдарламасының ЖББӘА (жоғары білім беру әлеуетін арттыру) жобаларының үйлестірушілері мен консорциум мүшелерінің Тақырыптық кластерлік кездесуі өтеді.

Кластерлік кездесу Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің (БжҒМ) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Департаменті Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық офисімен (ЭҰО) бірлесіп, Еуропалық Комиссияның білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің (ЕАСЕА) қолдауымен ұйымдастырылды.

Кластерлік кездесуді өткізудің негізгі мақсаты - Қазақстанның жоғары оқу орындарының қатысуымен іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған жобалардың мақсаттары мен нәтижелерімен танысу, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға жұмыс берушілер мен басқа да мүдделі тараптарды тартудың үздік тәжірибесін анықтау, оларды әзірлеуге, іске асыруға және орнықты қамтамасыз етуге әртүрлі санаттағы стейкхолдерлердің қатысуын жандандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Кездесуге ҚР БжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық Департаментінің өкілдері, Қазақстанның 38 жоғары оқу орындарының өкілдері және әртүрлі санаттағы стейкхолдерлер қатысады.

Өтетін орны: әл-Фараби даңғылы 71/27, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 4 қабат

Уақыты: 15 мамыр 2019 ж., сағ. 9.00-ден 17.30-ға дейін.

БАҚ аккредитациясы жөнінде келесі өкілдерге хабарласыңыз:  

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі - +7 7016799036 Куттыбаева Гульмира Ерженисовна

Эразмус+ бағдарламасы Еуропалық Одақ қаржыландыратын, білім беру, жастар және спорт саласында белсенділік пен ұтқырлықты қолдайтын бағдарлама. Бағдарлама университеттердің студенттері мен қызметкерлеріне Еуропа университеттерінде білім алуға, олардың біліктілігін арттыруға, жоғары оқу орындарына материалдық базаны жақсартуға, басқа университеттермен және кәсіпорындармен байланыстарды нығайтуға және түлектердің білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында жаңа білім беру бағдарламаларын, оқыту әдістемесін және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде білім жүйесін жаңғырту бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық үйлестірушісі Шайзада Тасболатова ханымға (тел.: +7 (727) 311-86-45, neo@erasmusplus.kz) хабарласуға болады.