««Қазақстан-2050 стратегиясы»: университеттер қоғамды модернизациялау драйверлері ретінде»

06.05.2019

Көрулер: 2041

ҚазҰУ-да 24 мамырда ҚР Білім және ғылым министрі К.Н. Шамшидинованың қатысуымен ««Қазақстан-2050 стратегиясы»: университеттер қоғамды модернизациялау драйверлері ретінде» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Шараға жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесі және ҰҒА ҚЖМ қолдау көрсетеді. Негізгі мақсат - ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша алдыңғы қатарлы идеялар мен тәсілдерді талқылау болып табылады.

Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты және келесі бағыттар (тақырыптар) бойынша секциялар жұмысын қарастырады:

Секция 1: «Заманауи білім берудегі өзекті трендтер»;

Секция 2: «Қоғамды модернизациялаудағы ғылым мен инновацияның рөлі»;

Секция 3: «Заманауи университеттердің қазіргі қоғам азаматтарын қалыптастырудағы миссиясы».

Ұйымдастыру комитеті 2019 жылдың 10 мамырына дейін конференцияға қатысуыңызды растауды және баяндама тақырыбын Elmyra.Sliyamova@kaznu.kz электрондық мекен-жайына жіберулеріңізді сұрайды. Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Тел. + 7 (727) 377-33-30; ішкі.16-62, моб. 87471698469.

Өтетін орны: «Әл-Фараби» ғылыми кітапханасы.

www.kaznu.kz