«Инженерлік білімнің жаңа міндеттері: ENAEE тәжірибесі және жаһандық трендтер»

22.04.2019

Көрулер: 2090

2019 жылдың 26 сәуірі сағат 15.00 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде KazSEE Қазақстан инженерлік білім беру ассоциациясы білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша сарапшылар үшін, сондай-ақ «ERASMUS+: EngineeriNg educoTors pEdagogical tRaining/ENTER» жобасының қатысушылары үшін: ENAEE вице-президенті Хосе Карлос Куадрадоның қатысуымен семинар-тренинг өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығы академиялық емес серіктес ретінде ERASMUS+ халықаралық жобаларына қатыса отырып, ENAEE вице-президенті José Carlos Quadrado-ны KAZSEE сарапшылары мен жоғары оқу орындарының өкілдері үшін ENAEE тәжірибесі мен білім берудегі жаһандық трендтерді таныстыру үшін шақырды.

2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Қазақстандық еуропалық оқытушылар орталығы (Kazakhstan Centre of European Instructors) инженерлік педагогика бойынша қазақстандық мониторингтік Комитеттің ұсынысы бойынша «инженерлік ЖОО Еуропалық оқытушысы» бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастыру үшін инженерлік педагогика бойынша IGIP халықаралық қоғамының 5 жылға дейінгі мерзімге қайта аккредиттеуден өтті. IGIP инженерлік педагогика бойынша халықаралық қоғамның лицензиясы «инженерлік жоғары оқу орнының халықаралық оқытушысы» бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастыруға құқық береді және шетелде оқыту құқығымен халықаралық тізімге енгізіле отырып, халықаралық біліктілікті алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Қазақстандық инженерлік білім беру Ассоциациясы (KAZSEE) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аккредиттеу органы болып танылды және білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 482 бұйрығымен ҚР БҒМ №1 Ұлттық реестрге енгізілді.

KAZSEE Еуропалық желінің Бас Ассамблеясында мойындалды және EUR-АСЕ Label сапа белгісін беру құқығымен ENAEE (European Network for Accreditation of Engineering Education) 5 жылға авторландырумен Орталық Азияда жалғыз аккредиттеу агенттігі болды.

ENAEE вице-президенті José Carlos Quadrado актілік дәрісі IGIP инженерлік педагогика бойынша халықаралық қоғамның кешенді бағдарламасын орындау және "инженерлік жоғары оқу орнының халықаралық оқытушысы" халықаралық сертификатын тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ Ресей жоғары оқу орындарын аккредиттеуге сарапшылар ретінде қатысуға құқық беретін Ресейдің инженерлік білім беру Ассоциациясының (АИОР) сертификаттары және Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығының (KAZSEE) сертификаттары тапсырылады.

Семинар-тренинг жұмысына жоғары оқу орындары мен профессор-оқытушылар құрамы мен топ-менеджментінің қатысуы жоспарлануда.

Іс-шара туралы қосымша ақпаратты (727) 377 33 33 (іш. 1462; 1463) алуға болады.

Өткізілетін орны мен уақыты: Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (ректорат, №308 конференц-зал).

 

 



Қазақстан инженерлік білім беру

қауымдастығының 

баспасөз қызметі

www.kaznu.kz