Апаттың алдын алу
22.04.2019
Көрулер: 1816
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультеті метеорология және гидрология кафедрасында ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросымен және Қазселденқорғау ММ мекемесімен бірлескен семинар өтеді.
Семинардың тақырыбы: «Қазақстандағы апаттар қаупін азайту бойынша ғылымдағы жас зерттеушілер және жас мамандарды жұмылдыру».
Семинардың мақсаты - жас зерттеушілер мен апаттар қаупін азайту саласындағы мамандардың ғылыми әлеуетін арттыру.
Өтетін орны мен уақыты: 24 сәуір, сағат 13.00 (219 ауд.)