ЕАЭО-ның өзекті мәселелері қаралады
Көрулер: 2004
2019 жылы 28 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Еуразиялық зерттеулер орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы «ЕАЭО: өзекті мәселері және интеграциялық үдерістердің даму болашағы» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді.
Конференция Қазақстандағы еуропалық зерттеу мектебі және еуразиялық интеграцияның негізін қалаушы, халықаралық қатынастар факультеті және мамандығының негізін қалаушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың еуразиялық зерттеу орталығының негізін қалаушысы әрі бірінші басшысы ұлы ойшыл профессор Ж.У Ибрашевтің 90-жылдығына арналып отыр.
Конференция барысында ЕАЭО өзекті мәселелері, сондай-ақ Еуразиялық интеграцияның қазіргі кезеңдегі түрлі аспектілері бойынша сарапшылардың пікір алмасуы жоспарлануда. Конференция жұмысына дипломатиялық корпустың өкілдері, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, талдау орталықтарының, қоғамдық ұйымдардың жетекші ғалымдары, ҚазҰУ ХҚФ студенттері мен оқытушылары қатысады.
Қатысуыңызды растап, баяндама тақырыбын 2019 жылдың 25 наурызына дейін жіберулеріңізді өтінеміз. Қатысушылардың баяндамалары мен сөз сөйлеулері негізінде конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда. Конференция материалдары ҚР БҒМ гранты есебінен жарияланады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95а,
Халықаралық қатынастар факультеті
Өтетін уақыты: 28 наурыз, сағат 10.00-де (тіркеу 9.30-да).
Барлық ұйымдастыру сұрақтары бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры Г. А. Мовкебаеваға хабарласуға болады.
e-mail: gmovkebaewa@mail.ru
«ЕАЭО: ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ» халықаралық конференциясына қатысуға өтінім.
Аты-Жөні (толығымен)
Ғылыми дәрежесі
Ғылыми, академиялық атағы
Жұмыс орны
Қала, ел
Байланыс телефондары
Тақырып атауы
Баяндамаларды ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар.
Мақала Times New Roman 14 шрифтімен, бір интервалмен жазылуы тиіс; жиектердің параметрлері: сол, оң, жоғарғы және төменгі – 2 см; интервал – бір; абзац үшін шегініс - 1,25 см.
Ортасында баяндама тақырыбы жартылай қалың шрифтпен бас әріптермен, төмен жолда автордың (авторлардың) аты-жөні; төмен жолда ЖОО, мекеме және қала атауы, e-mail жазылуы тиіс.
Сілтемелер дәйексөзге қарай рәсімделеді; мақала соңында әдебиеттер тізімі МЕМСТ-қа сәйкес рәсімделуі қажет.