ЖОО-ның студенттері арасында «Student Energy Challenge» атты зияткерлік командалық конкурс басталды
Көрулер: 2027
18 ақпан күні 2019 жылы Қазақстан Республикасының техникалық ЖОО-ның студенттері арасында «Student Energy Challenge» атты кезекті зияткерлік командалық конкурс басталды.
Конкурс ұйымдастырушылары – «KAZENERGY» Ассоциациясы мен «Шелл Казахстан» компаниясы.
Конкурс мақсаты - Қазақстан студенттерінің энергетикалық проблемаларына арналған инновациялық шешімдерді қолдау.
Конкурс қазақстандық студенттердің кәсіби және жеке потенциалын дамытуға, энергетика және онымен байланысты міндеттердің маңыздылығын түсінуге, инженерлік ойлау мен шығармашылықты дамытуға қолдау көрсетуге, қазақстандық студенттерге индустрияның озық тәжірибелерін және техникалық дағдыларын алмасуға, сондай-ақ болашақта бәсекелестік ірі гранттық жобаларға қатысу мен ғылыми және кәсіпкерлік қызметке ынталандыру саласындағы құзыреттілікті жинақтау және капиталдандыру бойынша студенттердің тәжірибесін алуға бағытталған.
Жартылай финалға шыққан студенттік командалармен қорғалатын жобалар финалы 2019 жылдың 26-27 қыркүйегінде KAZENERGY ассоциациясының ХІ Жастар Форумы алаңында, KAZENERGY «Kazakhstan Energy Week» атты ХІІ Еуразиялық Форум аясында өтеді.
Конкурсқа қатысқысы келетіндер команда құрып, оны www.kazenergyforum.com сайтында тіркелу формасынан өтіп, 2019 жылдың 31 наурызына дейін тіркеу керек.
→ Негізгі бет → Тіркеу → Жеке мәліметтерді толтырыңыз → «Сіз Жастар форумының қатысушысы» деген сұраққа «Ия» деген белгі қойыңыз → «Сіз команда капитаны» деген сұраққа «Ия» деген белгі қойыңыз → Келесі → «Student Energy Challenge» конкурсының командасының тіркеу формасын толтырыңыз.