Ашық есік күні

05.06.2018

Көрулер: 3708

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина факульеті 2018 жылдың 9-шілдеде «Ашық есік күнін» өткізеді. Біздің факультет магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына оқыту жүргізеді; сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс»; «Денсаулықты басқару»; «Денсаулық сақтау саласындағы құқық»; «Денсаулық сақтау саласындағы психология»; «Медициналық-профилактикалық іс» магистрлік бағдарламаларын оқытады.

Біздің факультетімізде «Ашық есік күндері» кәсіби деңгейін жоғарылату, мансап сатысын көтеру, сондай-ақ оқу, ғылыми жұмыс және докторантураға түсуге ниет білдіргендер үшін өткізіледі.

Бұл күні біздің білім беру бағдарламалары ұсынылады, барлық қатысушылар факультет басшыларымен танысуға, кафедра оқытушыларымен кездесуге, университетпен (Университет аумағында экскурсия) танысу мүмкіндігіне ие болады.

Кафедраның оқытушылары мен қызметкерлері Сіздерді қызықтырған барлық сауалдарыңызға жауап береді, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медициналық факультетінде оқудың артықшылықтары туралы әңгімелейді.

Барлық тілек білдірушілерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина факультеті ғимаратында асыға күтеміз!

Мекен-жайы: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ-ы, 71, ГУК-3;

Қосымша сұрақтар бойынша келесі тел. хабарласыңыз: 221-16-22, 221-16-23, 221-16-17.

 

Биомедициналық статистика және дəлелді медицина кафедрасы