Оқиғалар мен анонстар

Балаларды жаңа жылдық қойылымға шақырамыз

24.12.2021

2021 жылы 25 желтоқсан күні сағат 12.30-да Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық қойылым болады. Мерекеге орай «Бәйтерек» театры балалар назарына «Жаңа жылдың құпиясы» атты жаңа жылдық ертегіні ұсынады.

Ары қарай оқу >>

Жас ғалымдар назарына!

10.12.2021

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Жас ғалым» жобасы бойынша постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру үшін 2022-2024 жылдарға арналған конкурс жариялайды.

Ары қарай оқу >>

Ақпараттық хат

02.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің» Алматы қаласы бойынша департаментімен және "Sanaly urpaq" Республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері" пәні бойынша Республикалық оn-line олимпиадасын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Қазақстандағы мектеп моделінің дамуы: Ы. Алтынсариннен замануи кезеңге дейінгі

26.11.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2021 ж. 29 қараша күні сағ. 10:00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай, қазақтың көрнекті ұстазы, ағартушысы Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Қазақстандағы мектеп моделінің дамуы: Ы. Алтынсариннен замануи кезеңге дейінгі» атты тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» республикалық жастар форумы өтеді

24.11.2021

25 қараша күні сағат 15:00-де Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» IX республикалық патриот жастардың GALA-форумының салтанатты ашылуы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Сартаев оқулары – 2021

23.11.2021

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сіздерді 2021 жылғы 26 қарашада сағат 15-00-де өтетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Сартаев оқулары – 2021: Қазақстан Республикасының егеменді   мемлекет ретінде дамуының қазіргі таңдағы жағдайы, жаңа идеялар мен құқықтық тәжірибелер сабақтастығы» жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.    

Ары қарай оқу >>