Кәсіптік бағдарлама жұмысы

123 2014 жылдың 1 наурызында жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының «Мұрагер» еріктілер қозғалысы мен «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының мүшелері, жетекшілері: кафедра меңгерушісі, филол.ғ.д., Г.Б. Мәдиева, филол.ғ.к., доценттер: П.Т. Медетбекова мен Ж.М. Уматованың ұйымдастыруымен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов ауылының О. Жандосов атындағы орта мектебінің 9 – 11 сыныптарына өткізілген кәсіптік бағдар беру шарасын өткізді: Жиын басында мектеп директоры А.К. Естаева сөз сөйлеп, ашып берді және мамандық таңдау, оның келешекте маман иесі ретінде тигізер пайдасы жайында және өзі университет қабырғасына қалай келгені, қалай кафедра доценті болғаны жайында филол.ғ.к., доцент Ж.М. Уматова және П.Т. Медетбекова кейінен айтып берді.

Аушенова Айдана – факультет туралы, факультет түлектері: жоғары лауазымда отырған тұлғалар жайына да тоқталып өтті. Сонымен қатар факультеттегі кафедралар жайында, олардың мақсаттары мен міндеттері, әр кафедраның ішкі және сыртқы жұмыстарымен таныстырып өтті.

Кәсіптік бағдарлама жұмысы

Кафедра жыл сайын Алматы қаласындағы мектеп басшыларымен келісім жасасып кәсіптік бағдарлама айасында шаралар өткізеді. 2014 жылдың 21-нші ақпанда Алматы қаласындағы № 146 мектеп-гимназиясында кәсіптік бағдар «ҚазҰУ жоғарғы білім бұлағы –кәсіби жетістік формуласы» атты шара он бірінші сынып оқушыларға арналып өткізілді. Бұл шарада ҚазҰУ, филология,әдебиеттану және жалпы тіл білімі және шетел тілі филология кафедрасы туралы ақпарат видеоролигі көрсетіліп, факультет және кафедра мамандықтары туралы жазылған буклет-ақпарат таратылғаннан кейін оқушылар біраз сұрақтар қойды.

Аға оқытушы Никамбаева С.С. және «Шетел филологиясы» мамандығының 4 курс студенттері «ҚазҰУ жоғарғы білім бұлағы –кәсіби жетістік формуласы» атты Алматы қаласындағы № 146 мектеп-гимназиясында кәсіптік бағдар өткізді.

Сонымен қатар 19 ақпанда 9 сынып оқушылары арасында «Шет тілі- менің ең сүйіп оқитын пәнім» атты іскерлік ойын өткізілді.