Кафедра меңгерушісі

 

ЖАТКАНБАЕВА АЙЖАН ЕРЖАНҚЫЗЫ

Заң ғылымдарының докторы, профессор

1996 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқуын аяқтағаннан кейін, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасында оқытушылық қызметіне жұмысқа орналасқан. 1999 жылы з.ғ.д., профессор Ким В.А. жетекшілігімен «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауапкершіліктің құқықтық негіздері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2009 жылы з.ғ.д., профессор Ким В.А. және з.ғ.д., профессор Кенжалиев З.Ж. жетекшілігімен «Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздікті конституциялық-құқықтық қамтамасыз етудің теориялық мәселелері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған.

2010 жылы ҚазҰУ заң факультетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары болып тағайындалады.

2012 жылы Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Негізгі ғылыми еңбектері:

  1. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздіктің конституциялық-құқықтық негіздері. Алматы, 2009. - 359 б.
  2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кезеңдері. Алматы, 2013 ж.