Біздің студенттеріміз

 

27.01.2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоратында Халықаралық түркі ұйымы атынан Түрксой кафедрасының студенттеріне 1 миллион теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалды.  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Асқар Тұрғанбаев Түрксой ұйымының бас хатшысы - Дүйсен Касеиновтің атынан құттықтау сөз сөйлеп, 1-3 курс  студенттері арасынан үздік оқитын 10 студентті шәкіртақымен марапаттады.

Марапаттау рәсімінен кейін,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов сөз сөйлеп, Түрксой ұйымының бас хатшысы - Дүйсен Касеиновтің атына алғыс хат табыстады.

Мен студенттер атынан ҚазҰУ-і мен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы арасындағы ынтымақтастықты дамытуда және біздерге осындай жетістіктерге жетуімізге мүмкіндік бергені үшін Түрксой  ұйымына және Түрксой  кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамына алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің қолдауларыңыз бізді өз мамандығымызға деген үлкен ұмтылысқа итермелейді.

Нуриева Тамина

3 курс студенті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау» 

2013 жылғы 13 қарашада сағат 14.00-де Шығыстану факультетінің 503 конференц-залында Алматы қаласы, Ішкі Істер Бөлімінің Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Токсанова Майя Болатқызымен университеттік деңгейде кездесу өткізілді. Кездесуді Тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі мен Түркітану және үндітану кафедрасының эдвайзері Г.К. Теменова мен Б.К.Рахымбай ұйымдастырды. Кездесуге студенттер мен ОП құрамы, тәрбие жұмысы департаментінен қызметкерлер қатысты. Полиция подполковнигі Токсанова, қатысушыларды жаңа заңнамалармен таныстырып, отбасында туындауы мүмкін мәселелер жайында қысқа видеокөріністер көрсетіп, отбасындағы құқық жайлы лекция оқыды. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсанда отбасында зорлық-зомбылықтан қорғау жұмысы жайлы шыққан № 214-IV Заңы жарияланғаннан кейінгі статистикалық көрсеткіштерді де ұсынған Майя Ханым, жыл өткен сайын қылмыстық көрсеткіштердің төмендей бастағанын айтып өтті. Қоғамымызда тыныштық орнау үшін жастар мен отандастарымыздың сана-сезімі ояу болуы, құқық жайлы заңнамалардан хабардар болуы және әрдайым көмек көрсетуге тырысулары қажет екендігін ерекше айтып өтті. ІІБ қызметкері студенттер мен қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп отбасы құқығы жайлы құрастырылған анкета мен буклеттерді таратты.

Алматы қаласы, Ішкі Істер Бөлімінің Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Токсанова Майяға лекциясының өте пайдалы болғанын айта өтіп, университетіміз атынан алғысымызды білдіреміз.

 

 

Түркі жазуы мерекесі

Түркітану және үндітану кафедрасының 20 жылдық мерей тойына орай 1 желтоқсан 2011 жылы Жас түркологтар ғылыми зерттеу үйірмесінің ұйымдастыруымен Түркі жазуы мерекесі өтті. Кеште қазақ, ұйғыр, қырғыз, түрік және өзбек халықтарының салт дәстүрі мен әдет ғұрпы жөнінде дәріптелді.

"Шарих юлдузлар" тобы

"Ай йылдыз" тобы

"Шоқ қыздар" тобы

"Елім-ай тобы"

"Түркі жазуы мерекесі

2012 жылы желтоқсанның 4 күні түркітану және үндітану кафедрасы "Жас түркологтар" ғылыми зерттеу үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен Түркі жазуы мерекесінде "Қыз Жібек" лиро-эпостық жырынан үзінді қойылды.

 

Алтын күз

№14 жатақханада түркітану және үндітану кафедрасының студеттерінің ұйымдастыруымен "Алтын күз" мерекесі өтті. Бұл кеште студенттер "Банан", "Шие", "Алма" және "Өрік" топтарына бөлініп жарысты. Бас жүлдені "Банан" тобы иеленді.

 

 

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Түркітанудың қыздары Қазақ Аруы атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына орай көктемнің шуақты күндерінің бірінде түркітану және үндітану кафедрасының ұйымдастыруымен № 14 жатақханада Қазақ Аруы байқауы өтті. Байқауға 1 және 2 курс студенттері қатысты. Байқаудың шарты бойынша қыздарымызды таныстыру, өнер, қазақтың салт-дәстүрінен көрініс пен сұрақ-жауап және кесте тігу сияқты сайыстар күтіп тұрды.

Сұлулығына көркі сай, қазақтың қос етек, бүрмелі көйлегі мен үкілі бөрігі қыздарымыздың сұлулығын одан сайын арттыра түсті. Бірінен –бірі өткен көрікті, өнерлі қыздар мың бұралып биді де биледі, домбырамын сызылтып ән де салды, қолдары майысып кестеде тікті. Салт - дәстүр бойынша сұрақ-жауаптан да мүдірмей өтіп, Қыз Жібек дастанынан Жібектің Төлегенді жоқтауы, қыз ұзатылу, беташар, баланы қырқынан шығару сияқты қазақ халқының салт-дәстүрінен көріністер көрсетті.

Арулардың өнеріне тәнті болған әділ-қазы алқасы сайыстың қорытындысын шығара отырып Қазақ Аруын 2 курс студенті Бекен Құралай деп таныды және 1орынды 1 курс студенті Әли Гүлбану, 2 орынды 1 курс студенті Жұмағұлова Айгерім, 3 орынды 2 курс студенті Адырбек Айшабибілер иеленді.

Қазақ Аруы байқауын ұйымдастырудағы мақсат жастарға салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты ұымыттырмай дәріптету және қыздарымызға қазақ қызына тән сұлулық пен сыпайылықты, нәзіктік пен ұяңдықты, шеберлік пен ұшқырлықты бойына сіңдіре тәрбиелеу.

Ләйім қыздарымыз осындай қылықты да, көрікті болғай!