Нұрышева Гүлжиһан Жұмабайқызы
НҰРЫШЕВА ГҮЛЖИҺАН ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ
философия ғылымдарының докторы, профессор
Отандық философияның қазақ философиясы, философия тарихы, философиялық антропология салаларының өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған инновациялық еңбектерімен танымал ғалым.
Қазақстан Республикасы жоғары білім беру және ғылыми ізденіс кеңістігінде кеңінен қолданылып жүрген оқулықтар мен монографиялардың және Қазақстан, Ресей, Монғолия, Түркия, Польша, Чехияның ғылыми басылымдарында жарық көрген 100-ге жуық мақалалардың авторы.