"Business Communication" үйірмесі

«Business Communication» үйірмесі

Шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының «Business Communication» студенттік үйірмесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті студенттерінің білім алу әрекетінің қосымша түрі ретінде саналады. Үйірме студенттерінің бос уақыттарында ағылшын тілінде бизнес қарым-қатынас жүргізу дағдыларын қалыптастырып, дамытуға бағытталған.

Аталмыш үйірме қызметі шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушылары Ш.А.Оспанкулова мен Қ.К.Кенжеқанованың басшылығымен ұйымдастырылған.

Студенттік үйірменің мақсаты мен міндеттері

Студенттік үйірменің негізгі мақсаты студенттердің тіл және тіл мәдениетінен бұрын алынған білімдерін шыңдап, тілдік орта ұйымдастыру, шет тілін тек ғылыми немесе ауызекі формада ғана емес, сонымен қатар іскерлік қарым-қатынаста да қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Студенттік үйірменің негізгі міндеттір:

- осы бағытта қызығушылығы бар студенттерді іріктеп, олармен әрі қарай жұмыс жасау; ;

- ікерлік ағылшын тілін білу деңгейін арттыру, оны қолданудың жаңа дағдыларын қалыптастыру;

- алынған білім мен дағдыны қарым-қатынастың кез келген түрінде қолдана білуді жетілдіру және арттыру;

- бизнес қарым-қатынас бойынша қолданылатын грамматикалық бірліктер мен лексикалық клишелердің санын арттыру;

- студенттердің іскерлік стильде сөйлеу қабілеттерін дамыту.