Кафедраның құрметті оқытушылары



МӘМБЕТОВА МӘНШҮК ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

8 (727) 377-33-39 (ішкі 13-29)
mmanshuk@mail.ru

Мәмбетова Мәншүк Құдайбергенқызы 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бакалавр академиялық дәрежесі және «филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік дипломмен, 2001 жылы осы факультеттің күндізгі магистратура бөлімін «Тіл теориясы» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 2002-2004 жылдары жалпы тіл білімі кафедрасының күндізгі бөлім аспирантурасында оқыды.

2005 жылдың желтоқсан айында «10.02.19 – тіл теориясы» мамандығы бойынша филол.ғ.д., профессор Э.Д. Сүлейменованың жетекшілігімен «Ресми-іскери клише тұлғалардың семантикасы мен қызметі» атты кандидаттық диссертация қорғады.

Әртүрлі ғылыми басылымдар мен ғылыми конференциялар материалдарының жинақтарында 50-ден аса ғылыми мақаласы жарық көрді. Сондай-ақ «Ресми-іскери клише тұлғалар» атты 3 монография, «Тіл біліміне кіріспе», «Тілдік қатынас негіздері», «Құжаттық лингвистика» пәндері бойынша 3 оқу-әдістемелік құрал шығарды.

М.Қ. Мәмбетова Тілдік қатынас негіздері, Жалпы тіл білімі, Компьютерлік лингвистика, Тіл біліміне кіріспе, Лингвистика ілімінің тарихы, Контрастивтік лингвистика, Қолданбалы лингвистика, Екінші тілді меңгеру теориясы, Лингвокриминалистика секілді курстардан дәріс оқиды.

Классикалық және славян филологиясы саласының маманы Зайра АйқынқызыМұқанова кафедрада 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді, проф. Н.Ж.Шаймерденованың жетекшілігімен "Иноязычные выражения в произведениях Ч. Валиханова" (Алматы, 2001) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. А.Х. Азамаовамен бірлесе отырып «Латинский язык» (Алматы, 1998) және "Латинский язык и основы научной терминологии (Алматы, 2002) атты оқулықтар жазды. КАЗПРЯЛ мүшесі.

Доцент Таусоғарова Аяужан Қайратқызы – поэтикалық синтаксис, мәтін лингвистикасы, сот-лингвистикалық сараптама салаларының маманы, кафедрада 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Проф. Т. Сайрамбаевтың ғылыми жетекшілігімен «Өлең мәтіндерінің синтаксистік ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (2000 ж.). «Өлең мәтіндерінің синтаксистік ерекшеліктері» (2004), «Сот-лингвистикалық сараптама мәселелері» (2006) оқу құралдары мен 30-ға жуық жарияланымдардың авторы. «Қазақ тілінің лексикалық бірліктеріндегі ұлттық-мәдени құндылықтардың кумуляциялануы: лингвоелтанымдық электронды тезаурус селекциясы және лемматизациясы» атты ғылыми-зерттеу жұмысы жобасына қатысушы (2009-2011). 2005 жылдан бері КАЗПРЯЛ мүшесі.

Доцент Бектемірова Сәуле Бекмұхамедқызы – түркология, этнолингвис-тика, лингвистикалық мәдениеттану, лексикология салаларының маманы, кафедрада 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Проф. Р.А.Авакованың жетекшілігімен “Қазақ тіліндегі киноморфизмдер” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (Алматы, 2005). «Қазақ тіліндегі кинологиялық атаулар мен бейнелер» (Алматы, 2004) атты идеографиялық сөздіктің және 15-ке жуық ғылыми мақалалардың авторы. Доц. С.Б. Бектемирова филология факультетінің 1 курс студенттерінің ұйымдастырушысы.

Аға оқытушы Медетбекова Перизат Түктібайқызы – қолданбалы линвгистика, компьютерлік лингвистика салаларының маманы. Кафедрада 2003 жылдан бері жұмыс істейді. 2007 жылы профессор Э.Д.Сүлейменованың жетекшілігімен «Мен/бен/пен, және жалғаулық шылауларының квантитативтік параметрлері. Осы тақырып бойынша бірнеше ғылыми жарияланымдардың авторы. КАЗПРЯЛ мүшесі.

Доцент Уматова Жанна Мақсұтқызы – лингвомәдениеттану, қолданбалы лингвистика, компьютерлік лингвистика салаларының маманы. 2005 жылы «Концепты душа/жан как лингвокультурологичческий феномен» тақырыбында профессор Н.Ж.Шаймерденованың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғады. Осы тақырыбы бойынша бірнеше ғылыми мақалалар жариялады. КАЗПРЯЛ мүшесі.


Аға оқытушы, PhD доктор Қарағойшиева Данел Алмасбекқызы – эксперименталдық фонетика мәселелерінің маманы. 2005 жылы профессор Э.Д. Сүлейменованың жетекшілігімен «Кес(у)-schneiden етістігінің валенттілігі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. КАЗПРЯЛ мүшесі.