ҚазҰУ профессоры Қ. Жұмағұлов ІХ-шы Халықаралық еуразиялық ғылыми форумға қатысты

15.10.2012

Көрулер: 2161

2012 жылдың 10-12 қазаны аралығында «Қазіргі тарихи жаңғыру жағдайындағы «Аттила тұлғасы» тақырыбында ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор, модератор Қ.Т. Жұмағұлов белсенді түрде қатысып, баяндама жасады. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-да ұлы ғалымның 100 жылдығы құрметіне өткізілген «Л.Н. Гумилев мұрасы және қазіргі еуразиялық ықпалдастық» аталған ІХ-шы Халықаралық еуразиялық ғылыми форумы өтті.

Форум келесі секциялар бойынша өтті: «Еуразия көшпенділерінің өркениеті: тарих және мәдениет», «Еуразия халықтарының этникалық тарихы мен этногенезі мәселелері», «Л.Н. Гумилевтің ғылыми мұрасы контекстіндегі әдіснама, тарихнама және деректанудың өзекті мәселелері», «Л.Н. Гумилев мұрасының әлеуметтік-философиялық және психологиялық-педагогикалық қырлары», «Еуразиялық ықпалдастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы».

Халықаралық конференция алыс және жақын шетелдің бірқатар мемлекеттерінің ғалымдары мен саясаткерлерінің жұмысын біріктірді: Франция, Германия, Ресей, Қытай, Түркия, Венгрия, Болгария, Белоруссия, Голландия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.