Үміткүл Тоқмамбетова Стамбул университетінің докторанты атанды

18.09.2012

Көрулер: 2172

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының түлегі, т.ғ.д., профессор Қ.Т.Жұмағұловтың жетекшілігімен магистрлік диссертация қорғаған Үміткүл Тоқмамбетова тиісті емтихандарын табысты түрде тапсыра отырып, Стамбул университетінің (Түркия) PhD-докторантурасына түсті.

Үміткүл Тоқмамбетова 2010 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінің бакалавриатын үздік бітірген. 2010-2012 жж. осы факультеттің магистратурасында білім алып, 2012 ж. жазында «Сефевилер әулеті тұсындағы Иранның ішкі және сыртқы саяси жағдайы» атты тақырыпта магистрлік жұмысын үздік бағаға қорғады. Бакалавриат пен магистратурадағы оқу барысында факультет пен университеттің студенттік-ғылыми және қоғамдық жұмыстарына белсене араласты. 2012 ж. студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым әлемі» атты Халықаралық ғылыми конференциясында І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Үміткүлді жетістігімен құттықтаймыз.