Уақыттың шеңбері ауқымында

27.06.2012

Көрулер: 2280

Францияның Шепп қаласында Ғұн империясының билеушісі Аттилаға арналған ескерткіштің ашылуы өтті. Бұл ауқымды іс-шарада біздің университеттің де тарихшы ғалымдары қатысты.

Ғұндардың тарихы түркі әлемінің, сәйкесінше Қазақстан тарихының бөлігі болып табылады. Сонымен бірге ол еуразиялық пен әлемдік тарихтың бөлігі ретінде қарастырылады. Сол себепті қазіргі уақытта ғұндардың мұрасына айрықша көңіл бөлінеді. Осы туралы Францияның аймақтық тарихшылардың Ассоциациясының президенті Сильвэн Дютуа мен Шепп қаласының мэрі Марсель Бонэ белгілі қолбасшы әрі билеуші Аттиланың ескерткішінің салтанатты ашылуында айтты.

Атап өтерлігі, дәл осы жерде 451 жылы Каталаун даласындағы ұлы шайқас кезінде Аттила әскері тұрды. Бұл шайқас Ганнибал тұсындағы Канна (б.з.д 216 ж.) және Наполеон тұсындағы Ватерлоо (1815 ж.) сияқты ірі шайқастардың қатарында орын алады. Рим империясы және оның одақтастарына қарсы шыққан Аттила әскері жеңіске қол жеткізді және осыдан кейін ғұндар Рим империясының жүрегі – Италияға елеулі соққы жасады....

Өзінің аумағы және ықпалы бойынша Аттила империяcы әлемнік барлық бөліктеріне таралды(ежелгі түріктік - tört bulun, қазақша - «дүниенің төрт бұрышы»). Ғұндық аумақ шығыстан батысқа Алтай, Орта Азия және Кавказдан Дунай мен Рейнге дейін созылып жатты. Солтүстік шекараларда ол ғұндардың патшалығынан Германияға дейін қамтыды. Оңтүстікте Аттилаға сыйды екі РИм империясы да (Шығыс Рим және Баты Рим) төледі. Орталық азиядағы ғұндардың одағы нәтижесінде қазақ этносының және басқа да түркі халықтарының қалыптасуына ықпал етті.

Көптеген Еуропа халықтары Ғұндардың алып мемлекетін Рим империясына қарсы күш және римдік жаулап алушылықтан құтқарушы ретінде қарастырды.

Аттиланың уақыты Еуразия тарихында өшпес ізін қалдырып, ол тарихи шығармалар, хроникалар мен эпикалық шығармаларда сақталды. Латын, ежелгі герман және скандинав тілдеріндегі Читая и анализируя редкие исторические свидетельства на латинском, раннегерманских и скандинавских языках, мне удалось установить, что, по крайней мере, в 18-ти произведениях германского героического эпоса и скандинавских саг отражены великие деяния гуннов и их императора (в них он называется Attila, Etzel, Atzel, Atli).