«Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы – ұлтымыздың мақтанышы» атты кеш

12.02.2020

Көрулер: 383

Алматы қаласының № 146 мектеп-лицейінде Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы – ұлтымыздың мақтанышы»  атты кеш өтті. Кешті ұйымдастырған аталмыш мектеп ұжымы (мектеп директоры – Нұрадинов Н.М., Директор орынбасарлары  Бахина А.А., Сатова Ж., тарих пәнінің мұғалімі Қамысбаева Қ.Б.) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің 4 курс студенттері. Кешке факультет профессор-оқытушылары:  т.ғ.к., доценттер Құнапина Қ.Қ., Қартабаева Е.Т. қатысты.